Қазақстан қарулы күштері қырағылықты күшейту шаралар қабылдады

957

Ауғанстандағы ахуалға байланысты Қазақстанның қарулы күштері қырағылықты күшейтуге кірісті, деп хабарлайды Atameken Business.      

Қазақстан қарулы күштері қырағылықты күшейту шаралар қабылдады

Бүгін Қорғаныс министрлігі үнсіздікті үзіп, әйтеуір, ресми мәлімдеме жасады.  "Ауған елінің билігіне тәлібтердің келуінен Орта Азияға төнетін қауіп жоқ" деп сарапшылар айтқанымен, Қазақстан армиясы іштей сақтық шарасын нығайтуды ұйғарды. Тіпті министр Ермекбаев запастағы, әсіресе тапшы мамандығы бар офицерлерді әскери қызметке қайта шақыру мәселесі көтерілуі мүмкін екендігін де ескертті. Бұған дейін Президент те Үкімет пен барлық күш құрылымдары басшыларын жинап, шұғыл жиын өткізген. Онда Ауған жеріндегі азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу