Қазақстан Қарулы Күштері өкілдері Ливандағы бітімгершілік ротасын тексеруге барды

1657

Топ бітімгершілік ротасының жауапкершілік аймағындағы қазіргі жағдаймен танысып, олардың моральдық-психологиялық жай-күйіне мән берді.

Қазақстан Қарулы Күштері өкілдері Ливандағы бітімгершілік ротасын тексеруге барды

Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері Ливандағы бітімгершілік ротаны тексеруге барды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жауынгерлік даярлық департаментінің басшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев бастаған тексеру тобы қазақстандық бітімгершілік ротасын тексеру мақсатында Ливан Республикасына барды. Топ бітімгершілік ротасының жауапкершілік аймағындағы қазіргі жағдаймен танысып, олардың моральдық-психологиялық жай-күйіне мән берді. Қару мен оқ-дәрілерді тексеріп, сондай-ақ бөлімшелерді алмастыруға қатысты мәселелерді нақтылады.

Айта кетейік, үш жарым айдан бері еліміздің бітімгершілік полкінің 120 әскери қызметкері үндістандық батольон құрамында БҰҰ-ның уақытша Күштері мандатына сәйкес, аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қатысты міндеттерді табысты орындауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу