Қазақстан Қарулы күштерінің әскери дәрігерлері Токиоға жұмыс сапарымен барды

624

Жапондық әріптестерінің тәжірибесімен танысты.

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери дәрігерлері Токиоға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери дәрігерлерінен құралған делегация Токиоға жұмыс сапарымен барып, сол елдегі әріптестерінің медициналық қызмет ерекшеліктерімен танысып, ақпарат алмасты, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштері Бас әскери медициналық басқармасының ұйымдық-штаттық құрылымын, оның құрамы мен орындайтын міндеттерін зерделеді. 

Жапон тарапы арнайы медициналық оқу-жаттығуларды өткізу, төтенше жағдай кезіндегі әскери дәрігерлердің қызметі, БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларындағы тәжірибесін бөлісті.

Қазақстандық мамандарға далалық мобильді кешен мен бітімгерлік госпиталінің жабдықталуы таныстырылып, жаралыларды көшіру ережелері айтылды. Жапондық әскери дәрігерлермен бірге симуляциялық технологияларды қолдану арқылы ота жасады.

Сондай-ақ олар білім беру мекемелерінде де болып, Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштерінің медициналық мамандарын даярлау жүйесімен және оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Жапония Қорғаныс министрлігіндегі кездесу соңында тараптар әскери медицина, білім мен ғылым, радиологиялық, химиялық және биологиялық қорғау, бітімгершілік миссиялары саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі талқылап, келесі жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарын белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу