Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері бітімгершілік миссиядан оралды

1681

Ол бір жыл бойы 30-дан аса мемлекеттің өкілдерімен бірге Батыс Сахарада бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясын орындады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері бітімгершілік миссиядан оралды

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі подполковник Ерлан Жортанов ұауіпсіздік пен бейбітшілік жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері шеңберінде өзінің әскери бақылаушы ретіндегі міндеттерін орындап, Батыс Сахарадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясынан оралды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бір жыл бойы 30-дан аса мемлекеттің өкілдерімен бірге Батыс Сахарада бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясын орындады. Жеке үлесі мен қойылған тапсырмаларды сәтті орындағаны үшін подполковник Ерлан Жортанов  Біріккен Ұлттар Ұйымының миссия басшылығынан алғыс хатпен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу