Қазақстан қаржы салған AI компаниясы әлемдегі ең қымбаттардың біріне айналды

286

Anthropic – жасанды интеллект саласындағы жетекші компаниялардың бірі.  

Қазақстан қаржы салған AI компаниясы әлемдегі ең қымбаттардың біріне айналды Фото: newser.com

Ұлттық банк инвестиция салған Anthropic АҚШ-та IPO-ға шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың соңында Қазақстанның Ұлттық қоры Anthropic компаниясына 25 миллион доллар инвестиция салған болатын. Ол кезде компанияның нарықтық құны 183 миллиард доллар деп бағаланған. 

Reuters агенттігінің мәліметінше, компания алдағы уақытта акцияларын қор нарығына шығаруды жоспарлап отыр. 

Anthropic-те құпия түрде АҚШ-та IPO-ға өтінім беруге дайындалып жатыр. Anthropic – кеңінен танымал Claude чат-ботын әзірлеген компания. Ол соңғы жылдары жасанды интеллект нарығындағы басты ойыншылардың біріне айналды. Ал қазіргі таңда Anthropic-тің бағасы бірнеше есе өсіп, шамамен 965 миллиард долларға жетті.

Сарапшылардың пікірінше, компанияның IPO-ға шығуы жасанды интеллект нарығындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналуы мүмкін. Anthropic пен OpenAI бүгінде әлемдегі ең қымбат әрі қарқынды дамып жатқан жасанды интеллект компаниялары саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу