Қазақстан кәсіпкер әйелдер саны бойынша АҚШ пен Түркиядан асып түсті

494

Елімізде бизнестегі әйелдер үлесі 45 % -ті құрады деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстан кәсіпкер әйелдер саны бойынша АҚШ пен Түркиядан асып түсті Фото: Cronos.Asia

Осылайша 2021-ші жылмен салыстырғанда Қазақстан 15 тармаққа көтеріліп,    Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде    өз позициясын жақсартқан. 

Гендерлік саясаттың жемісін айтқан Премьер-министр Әлихан Смайылов әйелдерді әлеуметтік қолдау мәселелеріне    ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

"Қазақстандық әйелдер    "Даму" қоры қолдаған жобалардың    жартысына жуығын    жүзеге асырды. Бұл ретте,    жобалардың үштен бірін    ауылдық жерлерден келген    кәсіпкер әйелдер алды. Біз түрлі салалардағы    әйелдердің белсенділігін арттыруға    мүдделі екендігімізді    атап өткім келеді" - деді ол.  

Сондай-ақ жиын барысында Үкімет басшысы Әлеуметтік Кодексте    "Наградталған аналар" деген    жаңа ұғым енгізілетінін айтты. Бұл мәртебе    көп балалы аналарды құрметтеп,    олардың еңбегін дәріптеу мақсатында    "Күміс алқамен",    "Алтын алқамен" марапатталған,    бұрын "Батыр ана" атағын алған,    "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған    әйелдерге берілмек.

"Марапатталған аналар үшін    жәрдемақы мөлшері сараланып,    ұлғайтылатын болады. Шамамен 90 мың ана    осындай игілікке    ие болады" - деп атап өтті Премьер.

Үкімет отырысын қорытындылаған Әлихан Смайылов сөз соңында әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу