Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидатын атады

1130

Ал осыған дейін кандидат ретінде ұсынылған федерация төрағасының орынбасары  Мұхтар Тыныкеев өздігінен бас тартты.

 Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидатын атады

БҚО-ның аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, бұрын депутат болған Аманкелді Таспихов маусым айында өтетін президент сайлауына Қазақстан кәсіподақтар федерациясы атынан кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Бұл шешім сәрсенбі күні өткен кәсіподақтар федерациясының бас кеңесінің отырысында қабылданды.        

Ал осыған дейін кандидат ретінде ұсынылған федерация төрағасының орынбасары  Мұхтар Тыныкеев өздігінен бас тартты.

"Мені алдағы уақытта ұсыну мүмкін емес, өйткені менің мемлекеттік тілді білу деңгейім одан әрі баруыма мүмкіндік бермейді", – деді ол отырыста.

Мемлекеттік тілді еркін меңгеру Қазақстан президенттігіне үміткерлер үшін басты талап.

60 жастағы Аманкелді Таспихов еңбек жолын Алматыдағы ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог болып бастаған. Әр жылдары индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау  комитетінің басшысы, Орал қаласының Желаев кент округінің әкімі, "ҚазТрансАймақ" АҚ-ның өндірістік филиалы директоры және  "Урал Ойл энд Газ" ЖШС директоры болды. 1998 жылдане 2002 жыл аралығында Қазақстан парламенті сенатының депутаты болды, 2004-2007 жылдары парламент мәжілісінің 3-шақырылымының депутаты болды. Сонымен қатар БҚО мәслихатының депутаты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу