Қазақстан кәсіпорындары өндірісті 2%-ға өсірді

2072

Елдің 11 өңірі өсім көрсеткен. 

Қазақстан кәсіпорындары өндірісті 2%-ға өсірді

2019 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанда 11,8 трлн теңге өндірістік өнім өнідірілген, деп хабарлайды LS.

2018 жылдың қаңтар-мамырындағы деңгеймен салыстырғанда өсім 2% болды.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс пен карьерлерді қазу  0,7%-ға өскен.

Ал өңдеуші өнеркәсіп шығаруды 3,6%-ға арттырған. Материалдарды басып шығару мен шығару көлемі 38,4%-ға, жеңіл өнеркәсіп 23,0%-ға, сусындар шығару 18,9%-ға, машина жасау 16,0%-ға,  резиналы және пластмассалы өнімдер шығару 12,0%-ға және металдық емес минералды өнімдерді өндіру 3,4%-ға артқан.

Электр энергиясымен қамту, газ, бу беру және ауа  баптауда өндірістің өсімі 1,3%-ды құраған. Өсім негізінен өндірісті арттыру, электр энергиясын беру мен тарату есебінен болып отыр. Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды.  Ал өндірістің артуы 11 өңірде байқалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу