Қазақстан кәсіпорындарында ай сайын 100 келі алтын ұрланады

739

Қазақстан кәсіпорындарында ай сайын 100 келі алтын ұрланады

Алтын өндіретін кәсіпорындар шикізатты заңсыз өндіріп, сататындарға жауапкершілікті күшейтуді сұрап отыр. Себебі бір ғана "Қазақалтын" тау-кен комбинатына қарасты шахталарда ай сайын жүздеген келі алтын ұрланады, деп хабарлайды inform.kz.

"Иә, біздің есебімізге сәйкес, комбинатқа қарасты кен орындарында ай сайын заңсыз жолмен 100 келі алтын ұрланады. Соның салдарынан компанияға біраз шығын келіп отыр. Оған қоса бюджетке миллиондаған салық түспей жатады", – дейді "Қазақалтын" компаниясының бас директоры Евгений Балашов.

Оның айтуынша, бүгінде компанияға қарасты нысандардың аумағына заңсыз кіріп, шахта мен карьерге түсу оқиғасы азаяр емес. Алтынды өз бетімен іздейтіндер кеніштің оқпаны мен ойығы арқылы жердің астына түсіп, бағалы шикізатты ұрлап жүр.

Олардың арасында жергілікті халықтан бөлек өзге облыстардың азаматтары, тіпті көрші елдерден келетіндер де бар.

"Шахтаға заңсыз түсетіндер бұрғылау құралы мен жарылғыш зат пайдаланып, жұмысшының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Ондай кәсіп еш толастайтын емес. Себебі елдімекендерде алтын рудасын өңдеу мен сатып алу орындары бар. Бүгінде осы саладағы заңнаманы жетілдіру керек. Сонда ғана заңсыз алтын өңдеу кәсібіне тұсау салуға болады", – дейді "Қазақалтынның" басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу