Қазақстан Каспий теңізіне әскерилер енгізуге қарсы

766

Қазақстан Каспий теңізіне әскерилер енгізуге қарсы

Қазақстан Каспий теңізіне демилитаризацияланған мәртебе беруді қолдайды, деп мәлімдеді еліміздің сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Роман Василенко. Қазақстанның ұстанымы бойынша, теңізге демилитаризацияланған мәртебе берілуге тиіс. Бұл туралы Василенко РИА Новости агенттігіне айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оның сөзіне сүйенсек, Каспий бейбітшілік, өзара түсіністік және ынтымақтастық теңізі болуға тиіс.

Бұдан бұрын РФ президенті Владимир Путин Ресей үкіметінің теңіз мәртебесі туралы Конвенциясына қол қою туралы ұсынысын қабылдады. Жобаға сәйкес, конвенция қатысушылары Каспий теңізінде конвенция тараптарына тиесілі емес қарулы күштердің болмауы принципін сақтауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу