Келісімшарттың бастапқы құны – 106 млн еуро.
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Тасымалдау және логистика департаментінің директоры Ерболат Меңдібаев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, келісім екі жыл бұрын жасалған, алайда қазіргі геосаяси жағдай жеткізу процесіне әсер етіп отыр.
Атап айтқанда, қондырғыларды Новороссийск портына жеткізуде қиындықтар туындаған. Осыған байланысты жобаға қосымша қаржы қажет болуы мүмкін.
Меңдібаевтың сөзінше, келісімшарттағы баға өзгеріссіз қалмауы ықтимал, өйткені соңғы жылдары нарықтағы жағдай мен логистикалық шығындар айтарлықтай өзгерген.