Қазақстан-Катар арасындағы тауар айналымы 2 млн долларға жетті

1153

Qatar Airways еліміздің екі қаласына тұрақты әуе рейсін ашады.

Қазақстан-Катар арасындағы тауар айналымы 2 млн долларға жетті

Нұр-Сұлтан-Доха, Алматы-Доха қалаларының арасында наурыз айының соңынан бастап жолаушы және жүк рейстері қатынайды. Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының 5-отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. 

"Екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыс тауар айналымының көлемін 2 млн долларға жеткізді. Сауда көлемінің ұлғаюы Қазақстан мен Катар арасында әуе рейстерінің ашылуына негіз болды. Наурыз айының соңынан бастап Qatar Airways әуе компаниясы Доха, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының арасында жолаушы және жүк рейстерін іске қосады", – деді Руслан Дәленов.

Бұған дейін хабарланғандай, 30 наурызда алғаш рет Доха-Нұр-Сұлтан, 1 сәуірде Доха-Алматы рейсі ұйымдастырылады. Qatar Airways әуе компаниясының "Боинг-787" әуе кемесі 160 жолаушыға қызмет көрсетеді. 

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан мен Катар арасында инвестиция, қаржы, энергетика, ауыл шаруашылығы салалары бойынша тығыз байланыс орнаған. 

"Болашақта екіжақты тауар айналымының көлемін ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр. Біз барлық бағытта ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу