Конференция барысында Қ.Омаров Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан бен Саад Әл-Мурейхимен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.
Одан бөлек Сауда және индустрия министрі – жоғары деңгейдегі Қазақстан-Катар комиссиясының тең төрағасы Шейх Мұхаммед бин Хамад Әл-Танимен екіжақты келіссөздер жүргізді.
"Тараптар Астана мен Доха арасындағы екіжақты байланыстардың, оның ішінде жоғары деңгейдегі байланыстардың айтарлықтай қарқындылығын қанағаттанушылықпен атап өтті. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық салаларында тығыз Қазақстан-Катар өзара іс-қимылын одан әрі дамытудың жақсы перспективалары атап өтілді", - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кездесу соңында қазақстандық тарап Қатар делегациясын алдағы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.