Қазақстан Қатармен қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық келісімдер жасасты

581

Қазақстан тарапынан оларды іске асыру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Бас прокуратура.

Қазақстан Қатармен қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық келісімдер жасасты Фото: Kursiv.media

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қатар мемлекетіне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл құжаттар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмысқа, оның ішінде оның трансұлттық түрлеріне қарсы күреске бағытталған.

Атап айтқанда, ұстап беру туралы келісім тараптарға бір елде қылмыс жасаған және басқа елде жасырынған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім қылмыс жасаған адамдардың кінәсін дәлелдеу бойынша екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына бағытталған.

Қазақстан тарапынан оларды іске асыру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Бас прокуратура.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан Сауд Арабиясымен, Иорданиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен осындай Араб әлемі елдерімен халықаралық шарттар жасасқан болатын.

Осылайша, Қатар Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында қажетті халықаралық-құқықтық базаны қалыптастырған Парсы шығанағының кезекті мемлекеті болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу