Қазақстан қауіпсіздік жағынан Замбия мен Гамбиядан артта қалды

938

Еліміз әлемдік рейтигтің 89-сатысынан табылды.  

Қазақстан қауіпсіздік жағынан Замбия мен Гамбиядан артта қалды

Дүниежүзілік қауіпсіздік және азаматтарды қорғау рейтингіне жалпы саны 167 мемлекет қатысқан. Еліміз бұл тізімде Иорданиядан бір сатыға жоғары, алайда Замбия и Гамбиядан төмен, яғни, 89-орында, деп хабарлады energyprom.kz. 

2020 жылдың І тоқсанында Қазақстанда тергеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне 69,2 млрд теңге бөлінген. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 20,1%-ға жоғары. Оның 1,7 млрд теңгесін халық төлеген. Алайда бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 6,6 млрд теңге болатын, яғни сома 4 есе қысқарған. 

Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері қызметіне 6,5 млрд теңге бөлінген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,3%-ға төмен. Ұлттық компаниялардың күзет қызметіне 2,9 млрд теңге қарастырылған. Аталған сома 2019 жылдан 35,2%-ға төмен. 
Ос

Осылайша елімізде қауіпсіздік қызметіне сұраныс жоғары екенін байқауға болады. Әйтседе  бұл халықтың толықтай қорғалғандығын білдірмейді. Мұны Legatum Institute жасаған қауіпсіздік индексінен байқауға болады. 167 ел қатысқан рейтингте Қазақстан 89-орында. Ал алғашқы сатыда Швейцария, одан кейін Норвегия және Люксембург. Көршіміз Ресей тізімнің 139-шы сатысынан табылды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу