Қазақстан қазан айында Қырғызстанға бензин экcпорттайды

766

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары қазан айынан бастап шетелге бензин тасымалын жүзеге асырады, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстан қазан айында Қырғызстанға бензин экcпорттайды

Бұл туралы Павлодар мұнай-химия зауытында "Қазақстанның мұнай өңдеу саласы. Жаңғырту жұмыстарының қорытындылары" тақырыбын арқау еткен конференцияда мәлім болды. Шара барысында қазақстандық мұнай өңдеу саласының бүгіні мен ертеңі, болашаққа бағдарлаған жоспарлар туралы сөз болды.

Дайын ашық түсті жанар-жағармайдың алғашқы 50 мың тонналық партиясы көршілес Қырғызстанға жөнелділеді. Болашақта өнім көлемі арта береді. Қазіргі таңда ішкі нарықтың ашық түсті мұнай сұрыптарына деген сұранысы 9,5 млн тоннаны құрайды. Олардың қатарында дизель отыны, әуекеросині мен бензиннің барлық сұрыптары бар.

"ҚазМұнайГаз" АҚ мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры Шухрат Данбайдың айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстан арасында екіжақты келісімшартқа қол қойылды.

"Келісімшарт негізінде 92-ші маркалы бензиннің алғашқы партиясын жөнелдеміз. Бүгінде Павлодар мұнай-химия зауыты авиациялық жанар-жағармай өндірісін жандандырды. РТ жоғары сапалы реактивті өнімге отандық әуекомпаниялар тарапынан қызығушылық жоғары. Бұл ішкі нарықтағы жағдайға әсер етті. Бүгінде бәсекелес ортада өнімнің көтерме бағасы 20-30%-ға төмендеді. Еліміздің өзге зауыттарында да әуе керосин шығарыла бастады. Жоспарға сай үш отандық зауыт жылына шамамен 900 мың тонна өнім береді деп күтілуде. Бұл қазақстандық әуекомпанияларының сұранысын өтеуге жеткілікті болмақ", - дейді Шухрат Данбай.

Айта кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал осы айда Атырау және Шымкент облыстарындағы мұнай-химия зауыттарында жаңғырту жұмыстары аяқталып, қалыпты жұмыс режиміне көшіріледі. Кейін К-4 экологиялық стандартты бензин сұрыптарын өндіру көлемі артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу