Қазақстан KazSat-2R жобасынан бас тартты

1408

Қазақстан KazSat-2R жобасынан бас тартты, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Қазақстан KazSat-2R жобасынан бас тартты

Спутник әлі күнге дейін телефонмен хабарласып, интернетке шығу мүмкіндігіне қол жеткізбеген ауыл тұрғындарын сапалы байланыспен қамтып, көзін ашады деп көзделген еді. Одан қалды болашақта шекаралас Тәджікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне телекоммуникациялық қызмет көрсетеді деген де жоспар болды. Алайда, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жобаның нүктесін қойды. Байланыс серігін жасауға кететін күш пен қаржы өзге әлеуеті зор жобаларға жұмсалады дейді Бағдат Мусин. Айта кету қажет, су жаңа спутник 2011 жылдың 16 шілдесінде ғарышқа жол тартқан "KazSat-2"-нің орнын басуы тиіс еді. Себебі, аппараттың белсенді жұмыс уақыты 12 жарым жылды құрайды. Яғни орбитадағы жолсерік 2023-те алмастыруды талап етеді. Жобаны жүзеге асыруға ел бюджетінен 40 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, әлемдегі ірі әуе құрылыс компаниялардың бірі саналатын Airbus "KazSat-2R"-ді шығаруға кіріседі деген ақпар да тараған болатын. Шаруаны атқаруға қажет алғашқы 2 млрд 700 млн биыл бағытталуы тиіс еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу