Қазақстан кейбір мұнай өнімдерін Еуразия экономика одағы аймағынан шығаруға салынған тыйымды ұзартпақ

124

Энергетика министрлігі тиісті түзетулер дайындады.

Қазақстан кейбір мұнай өнімдерін Еуразия экономика одағы аймағынан шығаруға салынған тыйымды ұзартпақ Фото: ult.kz

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап алты ай мерзімге Қазақстаннан мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым ұзартылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), авиакеросиндер және дизель отыны (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), газойль (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), толуола, ксилола (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), мұнай битумы (2713 20 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН коды) әкетуге тыйым салу енгізілсін", – делінген құжатта.

Мұнай өнімдерін ЕАЭО шеңберінен тыс экспорттауға тыйым салу келесілерге мүмкіндік береді:
1) Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарындағы (МӨЗ) тоқтап тұрған қуаттарды жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу есебінен іске қосуға және, тиісінше, елдегі жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) тапшылығын азайтуға;
2) Бажсыз жеткізілім шарттарын орындауға және импортталған мұнай өнімдерінің қайта экспортталуын болдырмауға.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Құжатты көпшілік талқылау 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу