Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев отандық ғарышкерлерді даярлау, қазақстандық ғарышкерлерді әуе сапарына жіберуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ғарышкерді ұшыруға айтарлықтай инвестиция қажет және мұндай мүмкіндікті қолайлы бағамен пайдалану үшін әртүрлі келіссөз жүргізілуде. Дәл қазір бізде ұшыратын дайын ғарышкер жоқ. Бірақ, халықаралық компаниялармен және шет елдермен бұл мәселені талқылап жатырмыз", – деп жауап берді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу