II дивизионның "А" тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан кезекті жеңісін тойлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдымен Мексика және Қытайдың Тайпей командаларын ұтқан Александр Тебеньковтың шәкірттері 3-турда Исландияны (7:2) есебімен жеңді.
Ұлттық құрама сапында Екатерина Куценко, Ділназ Саятқызы, Александра Шегай, Мунира Саятқызы, Карина Фельзинк және Анастасия Оразбаева мергендігімен танылды.
Бұл жеңісінен кейін Қазақстан 9 ұпаймен "А" тобының көшін бастады. Келесі кездесуін Александр Тебеньковтың шәкірттері 11-сәуірде Бельгия командасына қарсы өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу