Кибершабуылдар ауа райы мен табиғи апаттардан кейінгі басты жаһандық қатерлердің үштігіне енген. Бұл туралы 2018 жылы өткен халықаралық экономикалық форумда мәлім болды.
Біздің елде 30 мың киберқауіпсіздік маманы жетіспейтінін ескерсек, жаһандық қатер елімізді айналып өтпесі анық. Жеке мәліметтерді де бұрынғыдай антивирус орнатып немесе файрволлды баптап қорғау да мүмкін емес. Ол уақыт келмеске кеткендей. Мұны АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері танымал Едвард Сноуден де ескерткен. Ол тіпті билік пен мемлекеттік қызметкерлерге ватсап пен телеграмды қолдануға болмайды деп айтқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу