Қазақстан Киевтегі елшіліктің қызметкерлерін толығымен эвакуациялауды жоспарлауда

749

Қазір Украинадағы қазақстандық елшіліктің қызметкерлерін эвакуациялау мәселесі тұр.  

Қазақстан Киевтегі елшіліктің қызметкерлерін толығымен эвакуациялауды жоспарлауда

Үкімет отырысы аясында СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистердің Украинада қанша қазақстандық бар екендігі туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір біз Украинада Қазақстанның қанша азаматы бар екендігі туралы ақпаратты тексерудеміз, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты бұл көрсеткіш әрқилы. Кеше Украинадағы елшілігіміздің Украинадағы қазақстандықтарға қандай көмек көрсетілетіні туралы хабарлама жариялағанын көрген шығарсыздар. Алғашқы эвакуация кезінде көбісі елге келді, мүмкін кейбіреулері Украинаға қайтып барған шығар, сондықтан мен дәл қазір нақты санды айта алмаймын", - деді ол.

 

Ведомство өкілі бұл ретте шекаралар ашық, уайымдауға себеп жоқ екенін атап өтті.

"Эвакуацияның алғашқы толқынынан кейін көбісі үйлеріне қайтты. Елшілік қазір де жұмысын тоқтатқан жоқ. Қазір мәселе елшіліктің жабу туралы емес, елшілігіміздің қызметкерлерін эвакуациялау мәселесі туындап отыр. Оның шешімі алдағы күндері шығарылатын болады. Эвакуация толық болуы мүмкін. Бірақ қай қалаға екенін әлі айта алмаймын", - деп түйіндеді Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу