Қазақстан кикбоксингтен Әлем Кубогында 61 медаль алды

540

Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды

Қазақстан кикбоксингтен Әлем Кубогында 61 медаль алды Фото: gov.kz

Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орын Түркия, ал 3-орын өзбекстандықтарға бұйырды.

Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекет өкілі қатысты.

Айта кетейік, кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы - Нұрболат Рысмағанбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу