Биылғы жылдың қыркүйек айында ел кинотеатрларына билеттің орташа құны 1,6 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде кинотеатр билеттері ең қымбаты Шымкентте (2,6 мың теңге), ең арзаны Семейде (1,1 мың теңге).
Өңірлік тұрғыда бағаның ең күшті өсуін Ақтөбе (бірден жылына 30,6%), Қызылорда (28,2%) және Атырау (20,4%) облыстарының тұрғындары сезінді.
Тағы төрт облыста – Ақмола, Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
Ticketon.kz хабарлауынша, 21-24 қазандағы демалыс күндерінің қорытындысы бойынша "Түзелмейтін Рон" мультфильмі билеттерінің сатылымы бойынша көшбасшы болды (39,6 млн теңге). Мультфильм бірінші аптада ғана көрсетіле бастады.
Рейтингтің екінші қатарын үшінші апта көрермен назарына ұсынылған "Өлуге уақыт жоқ" шытырман оқиғалы фильмі иеленді (29,4 млн теңге).
Үздік үштікті 28,4 млн теңге кассамен "Аддамдар отбасы: жанып тұрған тур" анимациялық фильмі (екінші апта көрсетілуде) жапты.
Құралай Құдайберген