Қазақстан көкөністерінің ЕАЭО елдеріне экспорты 5 жылда 4 есе ұлғайған

810

Қазақстан көкөністерінің ЕАЭО елдеріне экспорты 5 жылда 4 есе, яғни 9-дан 35,7 млн АҚШ долларына дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстан көкөністерінің ЕАЭО елдеріне экспорты 5 жылда 4 есе ұлғайған

Кейінгі 5 жылда Қазақстан ЕАЭО елдеріне көкөніс экспортының көлемін 4 есе, жемісті 2 есе, сүт өнімдерін 3 есе ұлғайтқан. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев бұл жөнінде толығырақ айтып берді.

"Пандемияға байланысты экономикалық өсім қарқынының баяулағанына қарамастан, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,6%-ға ұлғайды. Ал ЕАЭО елдері бойынша бұл көрсеткіш орташа есеппен 2,3%-ды құрады",– деді Руслан Манатаев.

2016 жылмен салыстырғанда былтыр Қазақстан АӨК өнімдерінің экспорты 1,5 еседен асып, $2,7 млрд-қа дейін жетті. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕАЭО елдеріне жеткізу көлемі 5 жылда 26%-ға өскенін атап өтті.

"2016 жылдан бері Қазақстан ЕАЭО елдеріне көкөніс экспортының көлемін 4 есе (9,1 млн доллардан 35,7 млн АҚШ долларына дейін), жеміс-жидекті 2 есе (8,7-ден 16,2 млн АҚШ долл.), сүт өнімдерін 2,9 есе (2020 жылы 17,2-ден 49,5 млн АҚШ долл.) арттырды. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты терең өңделген өнім экспортының көлемін де едәуір ұлғайту әлеуетіне ие",– деп мәлімдеді спикер.

Вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортының өсімі ЕАЭО аясындағы мүмкіндіктерге негізделген.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу