Қазақстан көкпардан жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының жеңімпазы болды

927

Ұлттық ат спортынан өткен І Азия чемпионатына сары құрлықтың 10 елінен келген спортшылар қатысты.

Қазақстан көкпардан жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының жеңімпазы болды

Алматыда Ұлттық ат спортынан өтіп жатқан І Азия чемпионатының соңғы күні көкпардан Қазақстан жастар ұлттық құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, көкпардан финалда Қазақсан құрамасы мен Монғолия құрама командасы бас жүлдені өзара сарапқа салды. Тартысқа толы бірінші кезеңде жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші, яғни екінші кезеңде отандастарымыз есепті 8:3-ке жеткізіп, Баян-Өлгейден келген қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, І Азия чемпионатының чемпионы атанды.

Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының Көкпар бойынша жеңімпазы Қазақстан құрамасы болды.

Ал көкпардан үшінші орынға Өзбекстан мен Қытай құрамалары таласты. Ойынның алғашқы бөлігінде алғаш   есепті қытайлық жігіттер ашты. Алайда, бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталды. Екінші кезеңде де қос команда бір-бір салымнан салып, есеп 2:2-і болып командалар тең ойын нәтижесеін тіркеді. Сонымен, төрешілер жағы кос командаға қосымша уақыт белгіледі. Бұл мүмкіндікті оң пайдаланған өзбекстандық көкпаршылар бір салым салып, үлгеріп, есепті 3:2-ге жеткізді. Бұл көрсеткіш қосымша уақыттың соңына дейін өзгермегендіктен, жеңіс Өзбекстан көкпаршыларының қанжығасына байланды.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық ат спортынан өткен І Азия чемпионатында сары құрлықтың 10 елінен келген спортшылар спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан жүлделі орындарды өзара сарапқа салды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу