Қазақстан көлік кептелісі нашар елдердің тізімінде 47-орында тұр

493

Қазақстан Numbeo рейтингісі бойынша, көлік қозғалысының шамадан тыс жүктелуі бойынша 87 елдің ішінде 47-орында тұр, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан көлік кептелісі нашар елдердің тізімінде 47-орында тұр

Еліміздің көлік қозғалысының индексі – 133,9. Аталмыш индекс жолға кететін уақытты, жол жүйесінің тиімсіздігін, көмірқышқыл газын тұтынуды бағалайды.

Қазақстан тұрғындары жұмысқа жету үшін орташа есеппен 34,73 минут жұмсайды. Бұл бір бағытқа ғана кететін уақыт. Республикадағы көмірқышқыл газының шығарылу индексі – 4119,35.

Ресей, Әзірбайжан және Украина елдерінің көрсеткіштері еліміздікіне қарағанда нашар болса, Беларусьте жағдай жақсырақ. 

Австрия, Финляндия және Эстонияда басқа елдерге қарағанда көлік кептелісімен байланысты мәселелер туындамайды деуге де болады. Ал Нигерия, Коста-Рика және Шри-Ланкада жағдай мәз емес. Бұл елдердің тұрғындары бір бағытқа жету үшін 56-63 минут аралығында уақыт жұмсайды екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу