Қазақстан көлік қозғалысы бойына әлемдік рейтингіде 51-орынға тұрақтады

872

Қаңтарда көлік және логистика саласына 27 млрд теңге инвестиция салынды.

Қазақстан көлік қозғалысы бойына әлемдік рейтингіде 51-орынға тұрақтады Фото: Максим Морозов

Қазақстан 85 мемлекет қатысқан жаһандық көлік қозғалысы бойына рейтингте 51-орынға тұрақтады, деп хабарлады inbusiness.kz порталы finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Индексте жұмысқа баруға жұмсалған уақыт, көміртек диоксидімен демалу көрсеткіші, жол қозғалысының тиімсіздігі ескерілген. 

Рейтингтегі мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтар орта есеппен 33,64 минутта жұмысына барады. Ал ауаға СО2 бөліну көрсеткіші – 4040,36. 

Рейтингте көлік қозғалысы ең тиімсіз елдер қатарын Нигерия, Коста-Рика мен Кения бастайды. Ал көлік қозғалысы ең жайлы мемлекеттер қатарында Дания, Эстония мен Австрия бар. Мәселен, австриялықтар жұмысқа орта есеппен 25 минутта барады екен. 

Бұл ретте 2021 жылдың қаңтарында елімізде көлік және логистика саласын дамытуға 26,6 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33% жоғары. 

Қаңтарда аталған соманың 47,3%-ы Қостанай облысына бөлінген. Яғни, 12,6 млрд теңге. Бұл да бір жыл бұрынғы көрсетікштен 6,4 есе жоғары. Одан кейінгі орында Алматы облысы – 3,4 млрд теңге, және Нұр-Сұлтан – 1,8 млрд теңге. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу