Қазақстан көлік саласын цифрландыруда: Huawei-мен жаңа меморандумға қол қойылды

143

Mobile World Congress 2026 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Huawei компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Қазақстан көлік саласын цифрландыруда: Huawei-мен жаңа меморандумға қол қойылды Фото: rail-news.kz

Құжаттың негізгі мақсаты – көлік саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытында тәжірибе алмасу. Меморандум бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесін қалыптастыруды және бұлттық технологияларды қолдануды көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ынтымақтастық теміржол, автомобиль, порттық және жүк көлігі бағыттарын қамтиды. Тараптар жол инфрақұрылымын тиімді басқару, көлік ағындарын үйлестіру және логистикалық хабтардың өнімділігін арттыру бойынша озық тәжірибемен бөліспек.

Халықаралық деңгейде аталған меморандум Қазақстан Көлік министрлігінің стратегиялық бағытын айқындайды. Ведомство көлік саласына жасанды интеллект, үлкен деректер және интеллектуалды басқару жүйелерін енгізуге басымдық беріп отыр.

Бұл ынтымақтастық Қазақстанның көлік секторының технологиялық дамуын жеделдетіп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің жаһандық көлік дәліздеріне тиімді интеграциялануына жаңа мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу