Қазақстан көлікпен жанармай мен дизель отынын экспорттауға қайта шектеу енгізді

890

Бұл шешім ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін қабылданған.   

Қазақстан көлікпен жанармай мен дизель отынын экспорттауға қайта шектеу енгізді

Қазақстан республика аумағынан автокөлікпен жанармай, дизель отынын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тағы алты айға тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

Энергетика, қаржы, ішкі істер министрлері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойған "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" тиісті бірлескен бұйрық "Әділет" нормативтік құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

“Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен жанармай, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін (ЕАЭО ТН 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 – оның ішінде жеңіл мұнай өнімдері), көлік майларын қоспағанда, автомобильдерді өндіруші ұсынған газ цистерналарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек ыдыстарда экспорттауды қоспағанда”, – деп жазылған бұйрықта.

Талап алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 9 мамырынан бастап Қазақстан шетелге жанармай, дизель отынын және бірқатар мұнай өнімдерін экспорттауға алты айға шектеу енгізді. Шектеулер ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін қабылданды. 2021 жылдың қыркүйегінде Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев бұл шешімді тағы алты айға ұзарту мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.

Осыған дейін мұндай тыйым 2019 жылдың қарашасында енгізілген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу