Қазақстан командасы әлем чемпионатынан шеттетіле ме?

593

Қазақстан хоккей федерациясының бас хатшысы жауап берді.

Қазақстан командасы әлем чемпионатынан шеттетіле ме? Фото: olympic.kz

Қазақстан хоккей федерациясының бас хатшысы Глеб Каратаев ұлттық құраманы Швейцариядағы әлем чемпионатынан шеттетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды olympic.kz.

"Қазіргі таңда Қазақстан командасы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар тізімінен сызған жоқ. Әрине, ИИХФ Швейцариядағы эпидемиялық жағдайға алаңдап отыр. Бұл ірі жарысты ұйымдастырушылар үшін үлкен сынақ. Дегенмен, олан Швейцария билігінің шешімін күтеді. Бұған шамамен екі аптадай уақыт қажет. Коронавирус Швейцариядан бөлек, топ-дивизионда ойнайтын біраз мемлекеттерден табылды. Атап айтар болсақ, Италия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Латвия, Ресей мен Беларусьтан аталған жұқпалы ауру табылды. Сондықтан, ұйымдастырушылардың команда тізімін қысқартатын реті жоқ деп ойлаймыз. Оның үстіне, Қазақстан Республикасында аталған вирусты жұқтырғандар тірелмеген. Біз де, жанкүйерлеріміз де әлем чемпионатына дайынбыз", – деді Каратаев ұлттық федерацияның ресми сайтына берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу