Каратэден Қазақстан командасы Стамбұлда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Біздің спортшылар әлемдік аренадағы қарсыластарымен бірге жаттығып жатыр, деп жазады Olympic.kz.
Дархан Асаділов, Дидар Әмірәлі, Гузалия Гафурова, Данияр Юлдашев бастаған Қазақстан командасының мүшелері әлем және Еуропа чемпионы Угур Актас, Саламан Ерай (Түркия), Еуропа чемпионаты мен Премьер-лига турнирлерінің жүлдегері Габор Харспатаки (Венгрия), Алвин Караки (Косово), сондай-ақ, Тайпей, Бельгия, Сербия, Нидерланд спортшыларымен бірге дайындалуда.
Әлемнің 10 мемлекетінен келген үздік спортшылар Стамбұлда өтетін А сериясындағы кезекті Премьер-лига турнирінің алдында бас қосқан. Жарыс 17-19 мамыр күндері өтеді.