Қазақстан командасы екінші ойында да жеңіске жетті

868

Тайландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан Олимпиада ойындарына құрлықтық іріктеу турнирі жалғасуда. Бүгін Қазақстан командасы екінші ойында жеңіске жетті.

Қазақстан командасы екінші ойында да жеңіске жетті

Азия аймақтық іріктеу турниріндегі екінші матчта Қазақстан әйелдер командасы Индонезия құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен (25:22, 25:23, 25:18) жеңіске жетті. Ертең қазақстандықтар Оңтүстік Кореямен кездеседі, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Айта кетелік, өз тобында алғашқы екі орынға ие болған командалар жартылай финалға өтеді. Аталған турнирде Токио Олимпиадасының бір лицензиясы сарапқа салынуда. Яғни, құрлық турнирде жеңіске жеткен команда ғана Олимпиадаға қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу