Еркін күрестен Қазақстан командасы Сиянь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатынан 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен оралды, деп хабарлайды оlympic.kz.
"Біз Азия біріншілігіне жастардан жасақталған команда апардық. Қазақстан Спартакиадасында топ жарған балуандардың барлығы құрлық додасына қатысу мүмкіндігін алған. Жалпы алғанда, жігіттердің қарқыны жаман емес. Кейбір салмақтарда "әттеген-айлар" болды. Дегенмен де, жастар үшін бұл үлкен тәжірибе екені анық",– дейді Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Әсет Серікбаев.
Азия біріншілігі өз елімізде өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы үлкен дайындық саналады
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу