Хакатонда Glukie жобасына бірінші орын берілді

648

Хакатонда Glukie жобасына бірінші орын берілді

Алматы қаласында БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) балалар қоры ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігі мен Халықаралық ақпараттық технология университетімен (ХАТУ) бірлесіп ұйыдастырған "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау экожүйесін цифрландыру. Блокчейн" тақырыбында өткен хакатон қорытындыланды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Хакатонда Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан 20 команда, сондай-ақ, Қырғызстаннан екі команда қатысты. Олар 6 университет, азаматтық қоғам және бизнес-инкубаторлар атынан өкілдік етті.

Қатысушылар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бойынша дәрігерге цифрлық операциядан кейінгі мониторинг жүргізуге арналған веб-платформаларды және мобильді қолданбаны жасау, сондай-ақ фармацевтикалық дәрі-дәрмектің жеткізілімін тексеру үшін инновациялық жобаларын ұсынды.

Қазақ-Британ техникалық университетінің "Mountatin peak" атты командасы "Glukie" жобасымен - диабетпен ауыратын балаларға арналған мобильді қосымша және балаларға арналған глюкометер жүйесімен бірінші орын алды. Жобалары ең жақсы деп танылған үш команда ақшалай сыйлықтар және өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

ЮНИСЕФ-тің серіктестік жөніндегі маманы Раушан Ибрашеваның айтуынша, ЮНИСЕФ үшін хакатон сияқты оқиғалар өте маңызды, өйткені ол жаңа таланттарды табуға және қолдауға арналған әдіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу