Қазақстан командасы хоккейден өз еліміздегі әлем чемпионатында топ жарды

419

Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты аяқталды. 

Қазақстан командасы хоккейден өз еліміздегі әлем чемпионатында топ жарды

Соңғы жарыс күнінде Қазақстан Венгрияны оңай жеңіп, әлемдік сынның алтынын иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

Ойынның 23-ші минутында Никита Михайлис есеп ашса, 41-ші минутта Антон Некряч көзге түсті. 45-ші минутта венгрлер жауап қайтарғанымен, 57-ші минутта Евгений Рымарев мергендігімен танылды. 

Осылайша, Қазақстан командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Андрей Скабелканың шәкірттері кеше Беларусь құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Бұл чемпионат барысында овертаймға дейін созылған жалғыз кездесу. Сондай-ақ, біздің құрама Оңтүстік Кореяны (4:1), Литваны (3:1) және Словенияны (3:2) жеңген болатын. 

Чемпионаттағы бес матчта жеңіске жетіп, 14 ұпай жиған Қазақстан командасы элиталы дивизионға жолдама алды. Сондай-ақ, турнирдің күмісін иеленген Беларусь құрамасы да жоғарғы дивизионға өтеді. 9 ұпай жинаған Оңтүстік Корея үшінші орында. Төртінші орынды Словения, бесінші орында Венгрия. Үш ұпайы бар Литва А тобынан сырт қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу