Қазақстан командасының капитаны кәсіби боксқа ауысуына қатысты мәлімдеме жасады

867

Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы. 

Қазақстан командасының капитаны кәсіби боксқа ауысуына қатысты мәлімдеме жасады

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Бұл шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдадық. Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар", – дейді Жүсіпов. 

Сербиядағы әлем чемпионатына Абылайхан команда капитаны ретінде қатысқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу