Қазақстан көмір экспортының көлемін қысқартты

603

Қазақстан көмір экспортының көлемін қысқартты

2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында құны 72,3 млн долларды құрайтын 5,1 млн тонна көмір шетел асты.

LS порталының дерегінше, қатты отынның экспорты 2017 жылмен салыстырғанда 30%-ға азайды. Қазақстанның көмірін ең көп тұтынған елдердің көшін Ресей бастады. Бұл ел бізден 49,9 млн долларға 4,1 млн тонна көмір сатып алды.

Финляндия бізге 10,3 млн теңге санап беріп, 593,3 мың тонна көмірімізді кәдесіне жаратса, Қырғызстан 4,7 млн долларға 250,9 мың тонна көмірді игілігіне пайдаланды. Швейцария 4,4 млн долларға 73,4 мың тонна, Беларусь 871 мың долларға 48,7 мың тонна, Өзбекстан 257,3 мың долларға 12,8 мың тонна көмір сатып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу