Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталды?

615

Еліміздегі тас көмірдің ең көп көлемі ТМД елдеріне жөнелтілді. 

Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталды?

Соның ішінде экспортқа шығарылған көмірдің жалпы көлемінің 62,2%-ы Ресейге жіберілді. Одан бөлек негізгі импорттаушылардың үштігіне Қырғызстан мен Өзбекстан кіреді, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

ТМД-ға кірмейтін елдерге Қазақстан 5,4 млн тонна көмір экспорттаған. Оның басым бөлігі Швейцарияға (3,7 млн тонна) жөнелтілді.

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында елде 66,4 млн тонна тас көмір, лигнит және көмір концентраты өндірілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 5,8%-ға артық.

Өндірістің 92,6%-ын тас көмір (61,5 млн тонна) алады. Оның ішінде энергетикалық көмір өндіру 9,3 млн тоннаға, кокстелетін көмірді өндіру 4,5 млн тоннаға жетті. Лигнит (қоңыр көмір) өндіру 2,6 млн тоннаны, ал көмір концентраты 2,3 млн тоннаны құрады.

Республика бойынша көмір өндірудің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Павлодар облысында (39 млн тонна) байқалды. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы (21,3 млн тонна) тұр.

2022 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан көмірге деген сұранысты (ішкі нарықта сату, экспорт) толық қамтамасыз етті. Тас көмірдің 30%-ы экспортқа жіберілген. Осылайша заттай мәнде өсім 20,8%-ды құрап, ақшалай мәнде 2,1 есеге өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу