Қазақстан көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу міндеттемесін алды

860

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2021 жыл – үміт жылы деп мәлімдеді. Бұл туралы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өткізілген дөңгелек үстел басында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу міндеттемесін алды

"COVID-19 пандемиясы адамдар ғалымдарға сенім артатынын және олардан үміт күтетінін көрсетті. Қазір бізге күш-жігерімізді біріктіріп, тұрақты болашаққа ұмтылу қажет", – деді министр. 

Бұдан кейін ол үкімет пен министрлік экономикалық дамудың "жасыл" бағытына бет бұрып жатқанын жариялады. 

"2021 жылғы 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық кодекстің жаңа редакциясына қол қойды. Жаңа құжатта атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқару және өңірлердегі экологиялық мәселелерді тұрақты және үздіксіз шешу қажеттігі нақтыланды", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Оның айтуынша, экологиялық кодекс аясында эмиссия төлемінен түскен кірістің 100%-ын тек табиғатты қорғау шараларына жұмсау туралы шешім қабылданды.

"Жаһандық температураның жоғарылауын тоқтату жөніндегі Париж келісімінің жаһандық мақсатын орындау үшін 2020 жылы өткен "Климаттық амбициялар саммитінде" Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу міндеттемесін алғанын мәлімдеді. Біз мақсатқа жету үшін 2020 жылы төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуді қолға алдық. Тұжырымдамаға парниктік газдардың төмен шығарындыларына көшу және экономиканың барлық салаларында қайта құруды дамытудың ұзақмерзімді көрінісін қамтамасыз ету міндеті жүктелді", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу