Қазақстан коммуналдық қызмет бойынша әлемдік рейтингіде 53-сатыға тұрақтады

852

Бұл тізімде 106 мемлекет бар. 

Қазақстан коммуналдық қызмет бойынша әлемдік рейтингіде 53-сатыға тұрақтады Фото: inbusiness.kz

Еліміз коммуналдық қызмет ақысының қолжетімділігі бойынша 106 мемлекет қатысқан жаһандық рейтингіде 53-орынды иеленді. Тұрмыстық шығындар қазақстандықтардың орташа жалақысының 12%-ын құрайды. Ал коммуналдық қызмет ақысы елімізден айтарлықтай арзан Өзбекстан 11,4% көрсеткішімен тізімнің 47-сатысына тұрақтаған, деп хабарлады inbusiness.kz порталы, finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Электр жарығы, жылу, су мен қоқыс шығару құнының арзандығы бойынша әлемдік рейтингіде еліміз 20-сатыда. Бұл тізімде 106 мемлекет қамтылған. Аталған қызметтерге отандастарымыз айына орта есеппен 50,47 доллар жұмсайды екен. 

Бұл рейтингіде коммуналдық қызметтер ақысы ең арзан Непал, Нигерия, Өзбекстан көш бастап тұр. Ал аталған шығындарға ең көп қаржыны  Германия, Словения мен Австрия тұрғындары жұмсайды. 

Осы орайда мамандар шығынның жалпы сомасы емес, оны халықтың төлей алу қабілеті маңызды деген тоқтамға келген. 

Электр жарығы, жылу, су мен қоқыс шығару құнын қиналмай төлейтіндердің көшін Кувейт, Швеция мен Катар бастайды. Аталған елдердің халқы бұл мақсатта орта есеппен жалақыларынының бар болғаны 3%-ын жұмсайды екен. Ал Эфиопияда жағдай керісінше, қиындау. Мұнда халық жалақысының үштен екісін коммуналдық қызмет ақысына төлеуге мәжбүр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу