Қазақстан коммунистік халық партиясы президент сайлауына кандидат ұсынуға дайын

2129

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.           

Қазақстан коммунистік халық партиясы президент сайлауына кандидат ұсынуға дайын

Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитеті хатшысы Айқын Қоңыров партияның алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсетін кандидатты ұсынуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Орталық комитеттің хатшысы ретінде осыған қатысты болжам жасағанымызды және партия қазіргі уақытта кез келген сайлау науқанына, яғни президенттік және парламенттік сайлауға қатысуға дайын екенін сенімді айта аламын", – деді Айқын Қоңыров.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.           

Қазақстанда тіркелген саяси  партиялар: "Нұр Отан" (үкімет партиясы), "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Бірлік" саяси партиясы және жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу