Қазақстан қор биржасында IPO шеңберінде "ҚазМұнайГаз" АҚ жай акцияларына жазылу жүргізіледі

541

Акцияларға жазылу институционалдық  инвесторлар үшін  30 қараша, сағат 18:00-ге дейін, бөлшек   инвесторлар үшін 30 қараша, сағат 15:00-ге дейін жүргізіледі. 

Қазақстан қор биржасында IPO шеңберінде "ҚазМұнайГаз" АҚ  жай акцияларына жазылу жүргізіледі Фото: tengrinews.kz

Жазылымға қатысу үшін бағалы қағаздардың Орталық депозитарийіндегі жаңа дербес шотты өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашу қажет.
Қазақстан қор биржасы 9 қарашадан KASE  сауда-саттық жүйесінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 жай акцияларын акцияларды бастапқы орналастыру шеңберінде оларға жазылу арқылы сату жүргізілетінін хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан қор биржасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

"KASE-де көрсетілген акцияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" "Halyk Finance" АҚ арқылы әрекет етеді. Бірлескен букраннерлер: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес  ұйымы – "BCC Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ. Сатуға ұсынылатын акциялар саны – 30 505 974 данаға дейін, бір акцияның бағасы – 8 406 теңге", - делінген ақпаратта.

Бағалы қағаздың биржадағы коды KMGZ.  Бір өтінімге акциялардың минималды саны – 1 акция. Сатып алушылар үшін  өтінім беруде акциялардың максималды санына шектеу жоқ. Бір тұлғадан берілетін өтінім саны шектелмейді.

Биржа қабылдаған өтінімдердің тізілімін сатушыға ұсыну күндері - 2022 жылдың 30 қарашасында және 02 желтоқсанында. Сатушының Биржаға қанағаттандырылған өтінімдер тізілімі 5 желтоқсаны, 18:00-де ұсынылады. Мәмілелер жасасу 7 желтоқсан, сағат  10:30 басталады. Есеп айырысу  7 желтоқсан,  сағат 15:30-дан басталады. Есептесулер "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" арқылы жүргізіледі. 

IPO-ға қатысу үшін инвестор өзі туралы төмендегідей ақпарат ұсынуы тиіс: 
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның  атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
3) жеке тұлға-инвестордың азаматтығы немесе, заңды тұлға-инвесторды соның заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркеген, мемлекет; 
4) өз өтінімін немесе клиенттік өтінімін беретін брокердің / Биржа мүшесінің атауы; 
5) инвестор түрі – жеке немесе заңды тұлға.

KASE мүшелері омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінімдер жіберген жағдайда, бұл өтінімдерді KASE үшін белгіленген форматта инвесторлар туралы дербес деректер ашылған жағдайда ғана қабылдайды. Осыған байланысты омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінім беретін KASE мүшелеріне өтінімді қабылдау алдында немесе қабылдау процесінде өз клиенттерінен дербес деректерді ашуға тиісті келісімдер алу қажет. 

KASE мүшелері кез келген уақытта ұсынылған дербес деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалау субъектілерінің бірі.

Акцияларды сатып алуға өтінімдерді Қазақстан азаматы - бөлшек инвесторлар, Қазақстанның резиденттері - институционалдық инвесторлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес инвесторлар (бөлшек және институционалдық) беруге құқылы.
Өтінімдерді қанағаттандыру (толық немесе ішінара) сатушының (және, мүмкін, Эмитенттің) дербес қалауы бойынша тұтастай алғанда мынадай ережелер негізінде жүзеге асырылады:
1. Өтінімдерді қанағаттандыруда басымдық Қазақстан Республикасының азамат - бөлшек  инвесторлардың өтінімдеріне беріледі. Осы қағидатқа сәйкес:
 1) Қазақстан Республикасы азаматы - бөлшек инвестор өтінімдері бірінші кезекте ұсынылатын акциялардың жалпы санынан мүмкін болатын ең жоғары көлемде қанағаттандырылады;
2) өзге инвесторлардың (Қазақстан Республикасының институционалдық инвесторларын-азаматтарын және резидент емес инвесторларды қоса алғанда) өтінімдері ұсынылатын    акциялардың жалпы санынан барынша ықтимал көлемде екінші кезекте, Қазақстан Республикасының азамат - бөлшек инвесторлардың барлық өтінімдері  толық  көлемде қанағаттандыру үшін қажетті акциялар санын шегергендегі мөлшерде қанағаттандырылады.
2. Егер (оның дұрыстығы мен негізділігіне қарамастан) эмитент пен  сатушының (және, қаншалықты қолданымды болса, Эмитенттің) пікірі  бойынша мұндай қанағаттану тәртібі (1) бір тұлғада немесе  байланысты тұлғалар тобында акциялардың жоғары шоғырлануының    туындауына; және(немесе) (2) заңнаманың қолданылатын талаптарын және(немесе) қолданылатын комплаенс процедураларды бұзуға әкелетін немесе әкелуі мүмкін болса, Сатушының (және, қаншалықты қолданымды болса, Эмитенттің) кез келген өтінімді (толық немесе ішінара) қанағаттандырудан өз қалауы бойынша бас тарту шартсыз құқығы бар.

Бір тұлғада немесе байланысты тұлғалар тобында акциялардың жоғары шоғырлануын тексеру мақсатында бірлескен букраннерлер қабылданған өтінімдерге мынадай қосымша критерийлер бойынша тексеру жүргізеді:
1) көлемі Эмитенттің орналастырылған жай акцияларының санынан 1 % және одан көп болатын, ірі өтінімдер;
2) бір жеке немесе заңды тұлға әртүрлі брокерлер немесе бір брокер арқылы берген және жиынтық көлемі Эмитенттің орналастырылған жай акциялары санының 1 % немесе одан да көбін құрайтын қайталама/көптеген өтінімдер.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE  мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.

Биржаның сауда-клирингілік жүйесінде жаңа бөлінген шот ашу депоненттің Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде дербес шоты ашылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тиісінше, жазылымға қатысу үшін бағалы қағаздардың Орталық депозитарийіндегі жаңа дербес шотты өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашу қажет.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу