Қазақстан қор биржасында қаңтар айында сауда көлемі 8% төмендеді

1021

 Еліміздің қор биржасындағы инвесторлар өткен айда белсенділік танытпады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстан қор биржасында қаңтар айында сауда көлемі 8% төмендеді

Нақтырақ айтсақ, сауда-саттық жалпы көлемі 11,3 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8 пайызға немесе шамамен 988 миллиард теңгеге төмен. Ал, KASE индексінің мәні керісінше 4,6%-ға өскен. Бұл туарлы бүгін онлайн брифинг барысында мәлім болды. 2021 жылдың алғашқы айында ғана KAZ Minerals-тың қарапайым акциялары 17,1 қымбаттап, құнды қағаздың біреуі 4100 теңгеге дейін бағаланды.  Ал, валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 954,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың соңғы аймен салыстырғанда 15 пайызға төмен. Өткен айда листингілеуден мемлекеттік емес бағалы қағаздардың 2 ғана эмитенті өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу