1 наурыз KASE-де сауда қалыпты режимде өтеді, деп жазды inbusiness.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"1 наурызда Қазақстан қор биржасында сауда-саттық барлық қаржылық құралдар бойынша әдеттегідей орындалатын болады. АҚШ долларымен сауда әдеттегі ережелерге сәйкес Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.15-17.00 аралығында жүргізіледі", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар 1 наурыз сауда Франкфурт аукционы түрінде емес, қалыпты режимде ұйымдастырылуда.
Еске сала кетсек, 28 ақпан Қазақстан қор биржасында сауда 15.00-ге шегерілді. Алғашқы мәміле бір доллар үшін 495 теңге бағамы бойынша жасалды.
Құралай Құдайберген