Қазақстан қор биржасында сауданың басталуы тағы кейінге қалдырылды

925

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты.

Қазақстан қор биржасында сауданың басталуы тағы кейінге қалдырылды

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттықтың басталуы тағы кейінге қалдырылды, деп жазды inbusiness.kz.

Енді аталған операциялар сағат 14:00-ге жоспарланып отыр. 

Бұдан бұрын қор нарығындағы сауда-саттықтың басталуы техникалық себептерге байланысты сағат 11:00-ден 12:00-ге шегерілген болатын.

"Сауда-саттықты бастау уақытының өзгеруі KASE сауда-клиринг жүйесінің жұмысындағы техникалық ақауға байланысты", – деп жазылған хабарламада.

Биржа KASE-нің басқа нарықтарындағы сауда-саттық тұрақты режимде өткізілетінін хабарлайды.

Алайда kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері бейсенбі күні доллар мен еуро сатуды тоқтатты.

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастыруда. Сағат 12:20-дағы орташа сараланған бағам 469-474 теңге.

Еске сала кетсек, 24 ақпан KASE-де алғашқы мәміле 442 теңге бағамы бойынша жасалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу