Қазақстан қор биржасының акцияларына иелік ететін Мәскеу биржасы санкцияға ұшырады

320

KASE-нің жағдайы не болмақ? 

Қазақстан қор биржасының акцияларына иелік ететін Мәскеу биржасы санкцияға ұшырады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасы АҚШ-тың Мәскеу биржасына, Ұлттық клиринг орталығына және Ресейдің Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қарсы санкция салуына жауап берді. 13 маусымнан бастап Мәскеу биржасында доллар және еуромен сауда жүргізілмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Мәскеу биржасы KASE орналастырылған акцияларының 13,1%-ына ие.

Қазақстандық биржа мәліметінше, бұғаттау санкцияларын қолдану тәуекелі 50% немесе одан да көп акциялары/үлестері санкциялар тізіміндегі тұлға (жеке немесе басқа санкцияланған тұлғалармен бірлесіп) тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғаларға қатысты.

"Шектеулер KASE клиринг орталығының қызметіне ешқандай әсер етпейді. Айта кетейік, Қазақстан қор биржасы мен KASE клирингтік орталығы әдеттегідей жұмысын жалғастыруда. Сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу стандартты ережелерге сәйкес жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

KASE санкциялық шектеулерді ескере отырып, Мәскеу биржасымен іскерлік қарым-қатынасты жалғастыру мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

Олар 2024 жылдың 13 маусымында барлық қаржы құралдарымен KASE нарықтарында сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу әдеттегідей жүргізілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу