Қазақстан қор биржасының жаңа басшысы тағайындалды

229

Қазақстан қор биржасы (KASE) басқарма төрағасы болып Әділ Мұхамеджанов сайланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан қор биржасының жаңа басшысы тағайындалды Фото: kcsd.kz

– Қазақстан қор биржасының (KASE) директорлар кеңесінің шешімімен Әділ Мұхамеджанов 2025 жылдың 31 наурызынан бастап басқарма төрағасы қызметіне кіріседі. Оның өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлады KASE баспасөз қызметі.

Әділ Мұхамеджанов бұған дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, KASE басқарма төрағасының орынбасары және ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2025 жылдың 31 наурызынан бастап Алина Алдамбергеннің KASE басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылады.

Ол бұл қызметті 2016 жылдың 9 ақпанынан бері атқарып келген. Осы уақыт ішінде қаржы нарығында, оның ішінде реттеуші органдар мен KASE директорлар кеңесінде мол тәжірибе жинақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамының теңгеге шаққандағы көрсеткіші төмендегені хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу