Қазақстан-Корея бизнес-форумына 250-ден астам компания қатысты

791

Қазақстан-Корея бизнес-форумына 250-ден астам компания қатысты

Кореядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен өткен Сеулдегі "инвестиция апталығы" Қазақстан-Корея бизнес-форумын өткізумен аяқталды, оның аясында Оңтүстік Кореяның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Форумға қазақстандық бизнестің 50-ге жуық өкілі және Кореяның 200-ден астам бизнес-компаниялары қатысты. Сондай-ақ, шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

"Бүгінде Қазақстан шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің ұзақ мерзімді кірістілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды шаралар кешенін ұсынуда. Біз әрбір шетелдік компанияға қолдау көрсетуге дайынбыз", — деді форумның ашылу салтанатында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов.

Арыстан Қабыкенов Қазақстанның Корея нарығына шығарылатын әлеуетті экспорттық мүмкіндіктерін талдау қорытындысы бойынша, Оңтүстік Корея нарығында сұранысқа ие 25 тауар позициясы, сондай-ақ Қазақстан нарығында сұранысқа ие 78 позиция анықталды.

Kazakh Invest мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді.

"Өткен жылы Кореядан Қазақстанға салынған шетел инвестициялары ағынының 33%-ке өсуі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуының оң үрдісіне дәлел. Біз осы әлеуетті дамытуға ниеттіміз. Осы орайда, Kazakh Invest компаниясы шетелдік инвесторларды инвестициялық жобаларды идеядан бастап оны жүзеге асырғанға дейін "бір терезе" қағидасы бойынша сүйемелдейді", — деді Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.

Бұдан өзге, форум алаңында экономиканы цифрландыру саласында Қазақстандық индустрия дамыту институты мен National IT Industry Agency арасында, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Кореяның Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында, денсаулық сақтау саласында инновациялық қызмет және ғылыми-білім беру саласында Soosang ST Corporation және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық инновациялық-өндірістік консорциуммен, Халықаралық инновациялық-өндірістік консорциум, Korea Telecom Corporation және R&IID, "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА" АҚ және Пусан теңіз порты басқармасы арасында,  "KTZ Express" АҚ және Pantos арасында, зияткерлік көлік жүйелері саласында ҚР ИДМ көлік комитеті және ITS Korea арасында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу