Астанада ұлттық экономика министрлігі "Қазақстан мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығы" АҚ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты арасында бірлескен ынтымақтастық пен МЖС инвестициялық жобаларын ілгерілету меморандумы түзілді.
Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы хабарлағандай, кездесу барысында тараптар корейлік клиникалардың МЖС аясындағы нысан жобаларын басқару мәселелерін талқылап, корей медициналық ұйымдарын тіркеуді жүзеге асыруды қарастырды.
"Кореяның медициналық ұйымдарына баратын азаматтар бар, олар медициналық туризм мақсатымен барады. Осы орайда біз бірқатар ұйымның медициналық қызметтерін басқару тәжірибесін меңгерсек дейміз. Сондықтан бұл жобаларды жүзеге асыруды жөн көрдік", – деп жазылған хабарламада.
Ынтымақтастықтың алғашқы қадамы өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылуы болды, ол өзара табыс ұстанымына сәйкес, теңдік пен достастық, өзара тиімді қарым-қатынасты қарастырады. Бұл құжат бірлескен жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізіп, екі елдің нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.